12 наурыз күні Шығыс Қазақстан өнер музейінде көктемнің нәзік лебін жеткізетін жаңа көрме – «Әйел. Поэзия. Гүлдер» ашылды. Бұл шара өнер, поэзия және әйел бейнесін тоғыстырған шығармашылық алаңға айналды.


Көрменің ашылуына музей достары – кәсіби және әуесқой суретшілер, ақындар мен музыканттар қатысты. Жаңа буын суретшісі Кристина Тимофеева шығармашылық жолындағы алғашқы туындыларымен көпшілікке таныстырылды.
Іс-шара барысында музей ұжымы жиналған қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, көктемгі көңіл күй сыйлады.
🎨 Суретшілер:
- Акуов Қуаныш,
- Жұмаділов Айбек,
- Машкина Елена – келген қонақтардың скетч-портреттерін орындап, өнердің өмірмен үндесуін көрсетті.
🎤 Ақындар мен музыканттар:
- Нуржанат Нуралина,
- Лариса Мартынова,
- Наталья Матвеева – нәзік жырларын оқыды.
- Любовь Семенкова мен Есенбол Нахдубай көрерменге ән мен көңіл күй сыйлады.