Өнер музейінде салт-дәстүр дәріптелді

Шығыстың бас шаһарына шырайлы Шымкенттен ұлттық құндылықты ұлықтаған арнайы орталықтың мамандары келді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыс орталығында «Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» атты мазмұны терең танымдық іс-шара өтті. Бұл мәдени шараға Шымкент қаласынан арнайы келген «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» өкілдері мұрындық болды. Ал Өскемендегі Өнер музейінің ұжымы ұлттық құндылық жанашырларын төрге оздырып, жан-жақты қолдау көрсетті.

– Халқымыздың ұмыт бола бастаған  салт-дәстүрін жаңғырту, бұрмаланған жөн-жоралғыны оң насихаттау біздің негізгі мақсатымыз.  Сондай-ақ бүгінде ырым-тыйымдар мен салт-дәстүрлердің ара-жігін ажырата білу өзекті болып тұр. Осы жағына баса назар аударамыз, –  деді «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директоры Жұмабай Әбдиев.

Көрермендерге салт-дәстүрлерді ұлықтаған әсерлі қойылым ұсынылды. Бір ғана қойылым барысында қазақтың оннан астам дәстүрі насихатталып, шараға жиналған қауым ерекше әсер алды.

Сонымен қатар ұлттық киімдер, тұрмыстық бұйымдар және дәстүрлі өнер туындылары көрмеге қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх