
«Ел үшін туған ерлер / Герои своего народа»
2025
Баннерлік кенеп, баспаханалық басылым (AI – жасанды зерде көмегімен жасалған)
40 × 80 см
Бұл картинада ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш қозғалысының қайраткерлері заман стиліне сай топтық портрет ретінде бейнеленген. Сурет тарихи деректерге сүйене отырып жасанды зерде (ИИ) технологиясы арқылы сандық тәсілде модельденген.
Композиция ортасында — Алаш арыстарының символдық бейнелері. Олар ұлттық сана, мемлекетшілдік идеясы және тәуелсіздік жолындағы қажырлы күрестің көрінісі ретінде біріктіріліп көрсетілген. Артқы фонда ақ, көк, қоңыр түстердің акварельді өрнектері тарихи кезеңнің күрделі, алайда рухы биік болмысын жеткізеді.
Кескіннің стилі — цифрлық иллюстрация, майлы бояу техникасын еске түсіретін жұмсақ штрихтармен берілген. Жасанды зерде өңдеу арқылы тұлғалардың тарихи келбеті мен дәуірлік киім үлгілері нақтыланып, символикалық топтық көрініс қалыптасқан.

