ЮНЕСКО Орталық Азиядағы мәдени секторды дамытуға қолдауды жалғастырады
Шараға мұражай директорлары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сарапшылар мен халықаралық серіктестер қатысты. Негізгі назар музей саласын дамыту, кәсіби ортаны нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне аударылды.
2025 жылғы 11 желтоқсанда Almaty Museum of Arts пен ЮНЕСКО-ның Алматы аймақтық офісі бірлесіп ұйымдастырған кездесу өтті. Оған мұражай директорлары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сарапшылар мен халықаралық серіктестер қатысты.
Негізгі назар Қазақстандағы музей саласын дамыту, кәсіби орта нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар қазақстандық мұражайлардың ICOM — Халықаралық мұражайлар кеңесіне қосылу мәселесі қаралды.
ЮНЕСКО өкілдері Ұйым Орталық Азиядағы мәдени секторды дамытуға қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Шараға Шығыс Қазақстан Өнер музейінің директоры Калижанов Ерназ Асылбекұлы қатысып, Қазақстан музейлерінің қазіргі жағдайы, кәсіби даму, халықаралық серіктестік және музей қауымдастығын нығайту мәселелері жөнінде баяндама жасады.

