Сырмақ көрінісіндегі натюрморт

  Авторы:  Абуов Тұрсын Абуұлы

Атауы: «Сырмақ көрінісіндегі натюрморт»

Туынды тік форматты полотноның бәсеңдетілген түстерде орындалған. Сырмақ көрінісінде жартылай жабылған дөңгелек үстелден айналмалы композициядағы заттарды көруге болады.  Сол жақта үлкен, сары, пысқан асқабақ бейнеленген. Оның артында темір шығыршықпен зерленген арбаның ағашпен істелген дөңгелегі тұр. тұрады ағаш колесо телеги, обшитое темір сақинамен. Кең дөңгелектің белағашы темір қадамен бекітілген. Дөңгелекте шынжыр ілулі тұр. Композицияның ортасында мыс самауыр. Сырмақтың оң жағында жасыл түсті перда ілінген, ал онда қазақ ұлттық аспабы – прима қобыз. Онда ұзын қоңыр ою-өрнектер бейнеленген. Ұзартылған төменгі бөлігі терімен жапсырылған. Киіз сырмақ ою-өрнекпен безендірілген. Сырмақтың орталық бөлігінде ою-өрнектер көрінеді – қошқар мүйіз, сынық мүйіз. Біріншісі қарама-қарсы жаққа бағытталған екі бұраманы білдіреді. Осындай төрт ірі элемент, бір-бірімен сырмақтың негізгі бөлігіне қосылған. Жарқын қарама-қарсы дақты қызыл түсті элементтер кілемнің жасыл көрінісінен көрінеді. Осындай элементтерімен сырмақтың кең шеттері безендірілген. Ақ түспен екі элемент бөлінген негізгісі және шеттері: су, амулет. Сырмақ шеттерінің жоғарғы бөлігі жақтауға кетеді. Үстелде жатқан перделер шетінде жабдықтарсыз негізгі ер-тоқым тұр. Орталықта сырмақтың шетінде ер-тоқымның үзеңгісі жатыр. Сырмақтың төменгі бөлігінде қоңыр үстелдің шеті, араларында кермелері бар  екі аяқ бейнеленген. Оң жақ төменгі бұрышында жазу бар: Т. Абуов 88г.

 Жұмыс ішкі және сыртқы шеттерінде гипстен жасалған өрнектері бар ағаш жақтауға безендірілген,. Жақтау алтын түске боялған. Ені 8см. Бүйір жағы 2-ші қабырғадан тұрады. Ені – 4

   Техникасы: кескіндеме

   Материалыы: қатырма қағаз, майлы бояу

   Көлемі: 145х101 см.

   1988 жыл.

Прокрутить вверх