Агалиоглу Теймур

Теймур Агалиоглу 1953 жылы 7 сәуірде Грузияда дүниеге келген. UPSD суретшілер мен мүсіншілердің Біріккен ассоциациясының мүшесі.

1976 жылы Мемлекеттік кескіндеме мектебін бітірген.

1981 жылы Тбилиси қ. Эзима Эзимзаде атындағы Мемлекеттік кескіндеме академиясының кескіндеме бөлімін бітірген.

Отыздан астам жеке көрмесін өткізген. Жұмыстары Түркияның Мәдениет министрлігінде, Анкара қ. мүсін және кескіндеме музейлерінде, Денизли қ. муниципалитетінде, Алания қ. музейінде және әлемнің көптеген елдерінің жеке жинақтамаларында сақталған.

Стамбул қ. жеке студиясында жұмыс істейді.