Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы

Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы  1987 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген.

Кесіндемеші, фотосуретші. 9-шы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері (2006).

2008 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтын «Кескіндеме және сызу» мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы «Дизайн» мамандығы бойынша Академиялық инновация университетінің магистратурасын бітірген.

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бейнелеу өнері музейінің бұқаралық-экскурсия бөлімінің меңгерушісі.

2017 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы бейнелеу өнері музейінің ғылыми бөлімінің меңгерушісі.  

Оңтүстік өңірінің көрнекті және киелі орындарын насихаттау бойынша 100-ден аса мақалалардың авторы, 5000-нан аса фотосуреттері басылып шыққан.