Асылғазина Зура Мейрамқызы

Асылғазина Зура Мейрамқызы 1982 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Казақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (2015). 2018 жылғы Павлодар қаласының үздік суретшісі.

2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетін бітірген.

2003 жылдан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Архитектура және дизайн» кафедрасының оқытушысы.

2004 жылдан облыстық, республикалық, халықаралық көрмелердің, симпозиумдардың, пленэрлердің, фестивальдердің қатысушысы.