Акматкулов Момунбек

Момунбек Астар (Акматкулов) 1952 ж. 24 сәуірде Фрунзе қаласында дүниеге келген.

Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі (1986). Қырғызстан Республикасы Суретшілер одағы президиумының мүшесі және монументалды секциясының төрағасы (1990).

1971 жылы – Фрунзе көркемсурет училищесін тәмамдады.

1978 жылы – В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемдік институтын (академик Ю.К. Королёвтің шеберханасы) бітірген.

1979 жылдан халықаралық және республикалық көрмелерге қатысушы.

1982-1992 жылдары – Фрунзе қаласындағы көркемсурет мектебінің директоры.

1991 жылы Бішкек қаласында Орта Азиядағы алғашқы «Галерея – М» жекеменшік галереясын ашты.

1992-1996 жылдары – Бішкек қаласындағы Суретшілер академиясының оқытушысы.

1999 жылдан  Стамбул және Анкара қалаларында (Түркия) көрме ұйымдастырумен айналысады.