Музей құрылымы
Әкімшілік.
Мұражай директоры - Ұябаева Бекайым Қасымханқызы
Жұмыс телефоны: 26-19-81.
Директордың орынбасары - Жұмыс телефоны: 26-44-42.
Бас бухгалтер - Жұмыс телефоны: 70-09-17.
Бөлімдер:
Қор бөлімі.
Бас қор сақтаушы – Жұмыс телефоны: 26-19-81 (117)
Бөлімнің негізгі қызметі қор коллекцияларын құрайтын мұражай заттарын жүйелі есепке алу және сақтау болып табылады. Біздің мұражайда 11 қор коллекциясы бар, олар: «Көркемсурет», «Кескін», «Акварель», «Декоративті-қолданбалы өнер», «Мүсін», «Балалар шығармашылығы», «Фарфор», «Фото», «Әдебиет», «Музыка», «Бейне».
Экспозициялық-көрме секторы
Меңгеруші – Жұмыс телефоны: 26-19-81 (106)
Сектор түрлі мұражай жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Ғылыми-зерттеу және жинау жұмысының нәтижесі мұражай көрмелері болып табылады. Бізде бес зал жұмыс істейді, оларға тұрақты және ауыспалы көрмелер қойылған.
Экскурсиялық-бұқаралықжұмыстар секторы
Меңгеруші – Жұмыс телефоны: 26-19-81 (113)
Музей педагогикасы секторы
Меңгеруші – Жұмыс телефоны: 26-19-81 (109)
Сектор қызметкерлері бастауыш, орта, ересек мектеп жасындағы балалар үшін Л.Г. Костюк әзірлеген «Өнер әлеміне қадам бас» атты мәдени-білім беру, мұражай-педагогикалық бағдарламасы бойынша мұражай сабақтарын өткізеді. Балалар көркемсурет және кескін, мүсін, декоративті-қолданбалы өнер туындыларын көруге және түсінуге үйренеді. Сабақтарда мұражай педагогтары бейнелеу өнерінің төл туындыларымен тікелей байланыс орнатуды ұсынады, сонымен қатар көркем әдебиетті, музыканы, фото және бейне материалдарды қатыстырады. Түрлі интерактивті формалар қолданылады. Сабақтар тақырыптарының басым бөлігі мұражайдың қор коллекциялары негізінде әзірленген және аймақтық бейнелеу өнерін отандық және әлемдік көркем мәдениет контексінде түйсінуге арналған.
Он бес жыл бойы бөлім балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауларын өткізіп келеді, оларға Шығыс Қазақстан облысының дарынды жастары қатысады. Көрмелер аяқталған соң балалардың үздік жұмыстары мұражайдың «Балалар шығармашылығы» атты қорында қалады. Кейін балалар жұмыстары мұражай сабақтарында қолданылып, Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан аудандарының түрлі мекемелеріндегі жылжымалы көрмелерге қойылады.
Маркетинг технология секторы
Меңгеруші – Жұмыс телефоны: 26-44-42