Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара
2021 жылдың 1 маусымында Шығыс Қазақстан өнер музейінде Балалар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Музей кызметкерлері қызықты бағдарлама дайындады. Іс-шара аясында кішкентай қонақтарымыз, біздің жерлесіміз, әйгілі балалар жазушысы Александр Мелентьевич Волковтың таңғажайып ертегілер әлемімен танысып, викторинаға қатысты және (ШҚӨМ қорындағы) кітап көрмесін қызықтады. Балалар «Орман қызықтары» атты танымдық-ойын-сауық бағдарламасының тамаша ойындары мен қызықты сайыстарына қатысып ұмытылмас әсер алды. Іс-шара шынымен де көңілді де жарқын өтті.