«Дала дидары» облыстық өнер фестивалі» Тарбағатай өңірінің.

2021 жылдың 4 маусым күні Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің З0 жылдығына арналған «Дала дидары» өнер фестивалінің бесінші қатысушысы Тарбағатай ауданының көрмесі ашылды. Шараға карантиндік шектеулерді сақтай отырып, аудан өкілдері, «Бабалар сазы» этно тобы, БАҚ мамандары және қазылар алқасының мүшелері, атап айтқанда - "Атамекен" телеарнасының журналистері, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінің тілшілері, ШҚО мәдениет басқармасының, "Рухани Жанғыру" орталығы өкілдері қатысты.

         Шара барысында Тарбағатай ауданы орынбасары Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы, ШҚО мәдениет басқармасының мәдениет бөлімінің бас маманы Қазимова Гүлжан Ахметбекқызы, ШҚО бойынша  "Рухани жанғыру" өңірлік орталығының  маманы  Қамбар Маратұлы, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының жанындағы «Қайнар» қоғамдық қорының төрағасы Шынжын Айбота, ШҚ өнер музейінің директоры орынбасары  Тетепова Толқын Төлепбергенқызы сөз сөйледі.

Музейіміздің музыкалық залында өткен концерттік бағдарламада аудан туралы  бейнебаян ұсынылып, «Бабалар сазы» дәстүрлі саз тобы, әнші Е.Құжиманов, Т.Шакаримов, А.Садуақасовтар өз өнерлерін      көрсетті.

Шараның екінші бөлімінде вернисаж қонақтары музейдің үлкен және бағаналы залдарында орналасқан аудан көрмесін Ақсуат мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Көпшікбаева Шәкен Мәлікқызының таныстыруымен  тамашалады. Көрмеге жалпы жиыны 38 адам қатысты.      

Ауданнан 15 жуық автордың 104 жұмысы қойылды. Олар - кескіндеме, натюрморт, портреттер мен ұлттық аспаптар, мата, жіп, жүн, киіз, ағаш, тері, сүйектен жасалған қолданбалы қолөнер шеберлерінің  бұйымдары.

 Шарада суретшілер Шоқанов Әділет Әлібекұлы, Жетпісов Мейір шеберлік сабақтарымен өнер сүйер қауымды таң қалдырды. Музыкалық аспап жасау шебері Е. Құжиманов өз жұмыстарын таныстыру  сәтінде   шебер қолынан туындаған аспаппен  «Ор теке» күйі орындалды.   

Көрме барысында  мұражай мамандары мен арнайы тағайындалған қазылар алқасы жоғары көркемдік қасиеттерімен ерекшеленетін бірнеше жұмысты және дәстүрлі нақыштағы музыкалық номерді таңдады. Бұл шығармалар басқа аудандардың үздік экспонаттарымен бірге қорытынды көрме-байқауға қатысады. Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың желтоқсан айында өтетін қорытынды көрменің салтанатты ашылуында марапатталады.

  • IMG 2714
  • IMG 2724
  • IMG 2757
  • IMG 2802
  • IMG 2807
  • IMG 2714
  • IMG 2724
  • IMG 2757
  • IMG 2802
  • IMG 2807