
Көрмелерге іс-шаралар
2–12 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан өнер мұражайы ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты Бірінші Халықаралықсуретшілер плэнерін өткізді. Ол – биылғы жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан өнер мұражайының залдарында өткізілетін үлкен көрмеге алдынала дайындық.