Жылжымалы көрме «Наурыз нақыштары»

Көктемнің күн мен түннің теңелуі қарсаңында Шығыс Қазақстан өнер музейінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды дайындап, өткізуде. Наурыз айының 14-і күні «Өнер әр жүректе» қайырымдылық акциясы аясында Облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасына келушілер үшін сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен «Наурыз нақыштары» тақырыптық бағдарламасын дайындадық. Кітапхана залында 34 адам болды. Шарада көрермендерге қазақтың салт-дәстүрін насихаттадық. Концерт барысында көктем тақырыбына арналған өлеңдер мен әндер орындалды. Музей қызметкері Гүлнар Перкова эстрадалық және қазақтың халық әндерін шырқап, өнерімен шынайы қошеметке лайық болды. Сыйлык Хабдыслам и Лариса Мартынова экскурсия өткізді.  Көрмеде тактильді қабылдауға қолжетімді – ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, былғары және жіп бұйымдары, сондай-ақ ағаш мүсіндер ұсынылды.