2022 жылдың 1 сәуірінде Шығыс Қазақстан өнер музейінде"Наурыз–ізгілік мерекесі"атты мерекелік іс-шара өтті.

Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлігінің символына айналды.Бұл мерекеге көптеген дәстүрлер тоғысқан. Олардың бірі "Ерулік беру"."Ерулік"дәстүрі - жаңа көршілермен достық қарым-қатынас орнату және танысу. Қазіргі уақытта қазақ халқының бұл дәстүрі әр адам үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ерекше, жаһандық маңызға ие.
✔️Бұл күні музейге ҚАЕУ, "ЕКМ СОМПАNY" ЖШС, орталық әмбебап дүкеннің, "Bakhyt Tower" бизнес орталығының, "NOVA" медициналық орталығының басшылары мен өкілдері, № 3477 ә/б ҚР Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері қонақ болды.
Шара барысында ШҚО мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Роза Әшімханқызы, "ЕКМ СОМПАNY" ЖШС директоры Мақсат Асанұлы және ШҚ өнер музейінің директоры Бекайым Қасымханқызы құттықтап, сөз сөйледі, Нақтыбай ақсақал бата берді.