Атырау қаласында өткен "Ш.Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
Қараша айының 7 – 10 күндері Шығыс Қазақстан өнер музейінің директоры Уябаева Бекайым Қасымханқызы Атырау қаласындағы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы – сәндік өнер музейінде белгілі қылқалам шебері, суретші Шаймардан Тілемісұлы Сариевтің 85 – жылдығы , Атырау өнер музейінің 30 жылдығына орай ғылыми практикалық конференцияға қатысты.
Шараға республиканың әр облысынан музей қызметкерлері шақырылып, ғылыми баяндамалар қорғап, тың идеяларымен бөлісіп, қазіргі таңдағы музей саласындағы өзекті мәселелер бойынша кең пікір алмасты.
Сонымен қатар шара барысында қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосатын “Қазақстан бейнелеу өнері ” атты үш тілдегі каталогтың тұсаукесері, “Алтын қорда – асыл мұра” фильмінің көрсетілімі өтті.
Конференцияда әр түрлі тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, «Сариев оқулары музейдегі мәдениет әлемі» (Атырау қ.); « Өнер музейі негізі ретінде көркем мұраны насихаттау және сақтау» (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ.),«Степная образная история, восприятия, художественная мысль и чувствования в графике Ч.Валиханова» (Алматы қ.) және т.б. баяндамалары әсерлі болды.Ал, біздің өнер музейінің директоры Бекайым Қасымханқызы қорғаған «Ш.Сариевтің жеті туындысының әсері» атты баяндамасы Сариевтің қазақ бейнелеу өнерінде қайталанбас тұлға екендігін айшықтады.
Конференцияны ұйымдастырушыларының ұйытқы болуымен Атырау қаласының тарихи - өлкетану музейі, Сарайшық тарихи музей –қорығы сынды Атырау қаласының көрікті жерлерімен таныстық.
Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы басшысы Н.Қ. Ахметжановтың және Өнер музейінің атынан Ш.Сариев атындағы Атырау өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлына алғыс хат және шығыстың көрнекті қылқалам шебері Ә. Шоқановтың “Шыңғыстау бөктері ” картинасы табысталды.
Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шара ойдағыдай өтті деп айта аламыз.