«Музей түні» халықаралық акциясы аясында Шығыс Қазақстан өнер музейі «Музейдегі Жұлдызды кеш

 «Музей түні» халықаралық акциясы аясында Шығыс Қазақстан өнер музейі «Музейдегі Жұлдызды кеш» іс-шаралар сериясын дайындап өткізуде. Өскемендіктер үшін музей күніне орай ұйымдастырылған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының басқарма мүшесі Алпысбай Қазғұловтың «Уақыт сәулесі» жеке көрмесі нағыз сыйлық болды. 

Бүгін Халықаралық музей күні.

Атаулы күн 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Мерекеге орай 1997 жылы тұңғыш рет «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өткізілді.