20 қыркүйек күні Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп лицей- интернатының
7 сынып оқушылары ШҚ өнер музейін саяхаттады. Олар музейдің музыка аспаптар тарихын танытатын “Жер жаңғырығы” көрмесін, Бағаналы залдағы графика өнеріне арналған “Керемет графика” көрмесін, музей қорындағы алтын жәдігерлері саналатын “Уақыт палитрасы” көрмесін тамашалап, жалпы қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен тұлғалары туралы білім алып, рухани сусындап қайтты. Облыстық дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары да өздерінің зеректігі мен тәлім- тәрбиелерімен қуантты.