Николай Павлович Аштеманың жеке мерейтойлық (80 жылдығына) көрмесі

2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Николай Павлович Аштеманың жеке мерейтойлық (80 жылдығына) көрмесі ашылды. "Биіккке ұмтылу" көрмесінде ШҚ өнер музейі мен автордың жеке коллекциясы қорынан 50-ден аса кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылды.
Николай Павлович Аштема 1942 жылы 5 желтоқсанда Украинаның Червона алқабында дүниеге келген. Ол техникалық білімі бойынша Украинада және Өзбекстанда жұмыс істеген. 1979 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіре сала Өскеменге келіп, мамандығы бойынша түрлі оқу орындарында жұмыс істеді. 1980 жылы өзінің жеке студиясын ашып, онда суретші қазірге дейін бейнелеу өнерінен сабақ береді. Суретшінің туындылары Семей, Өскемен, Мәскеу, Алматы музейлерінде сақтаулы. Біздің музейдегі Николай Аштеманың авторлық коллекциясы 89 кескіндемелік және графикалық туындыларды құрайды. Облыста алғашқылардың бірі болып "бейнелеу өнері" аталымы бойынша ШҚО әкімі сыйлығының лауреаты атағын алды. Суретшінің тарихи жанрдағы туындылары түрлі наградалармен - ҚР Суретшілер одағының 80 жылдығына арналған және Әбілхан Қастеев атындағы медальдармен марапатталды.
Өнер музейінің үш залында орналасқан "Биікке ұмтылу" көрмесінде бейнелеу өнерінің барлық дерлік жанрларын, графика, кескіндеме мен сюжеттік жұмыстарды көруге болады. Суретшінің автопортреттері, тау пейзаждары, Қазақстанның ежелгі тарихы мен қазіргі заманына арналған көп фигуралы сюжеттік композициялар келушілерді таң қалдырары сөзсіз.
Іс-шара барысында БАҚ өкілдері автор мен музей мамандарынан сұхбат алып, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Р.Ә.Төлемісова құттықтау сөз сөйлеп, «Алғыс хат» пен естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар мерейтой иесін «Қазақстандық» салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан Облыстық филиалының» басшысы Т.Т.Түсіпбеков мен Николай Павловичтың жеке студиясының шәкірттері ҚСО –ның мүшесі О.Плотникова, А.Жұмаділов ыстық лебізін білдірді.
Шараға автордың әріптестері мен шәкірттері, суретшілер, мәдениет басқармасы мен қаламыздың мәдени мекемелерінің мамандары мен зиялы қауымы, БАҚ өкілдері және музей мамандары қатысты.

"Биікке ұмтылу" көрмесі 2022 жылғы 7 желтоқсанынан 2023 жылғы 29 қаңтарына дейін келушілер үшін ашық.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ КНИГИ-КАТАЛОГА «ДАЛА ДИДАРЫ» ПОДВЕДЕНИЕ ИТОГОВ КОНКУРСА «ЛИЧНОСТЬ В ИСТОРИИ» ВЕРНИСАЖ КОНКУРСНОЙ ВЫСТАВКИ

30 ноября 2022г. в 11.00 в Музыкальном зале Восточно-Казахстанского музея искусств были подведены итоги двух крупных проектов регионального уровня. Собравшиеся – художники, любители искусства, представители культурных учреждений областного центра, районов ВКО и гости из Семея, Шемонаихи, Павлодара стали свидетелями презентации книги-каталога областного фестиваля искусств «Дала дидары». Фестивальные программы с участием музыкальных творческих коллективов, мастеров прикладного искусства, живописцев и графиков из 16-ти районов ВКО были представлены в Музее искусств в течение 2021года. Яркая, красочная книга о фестивале станет хорошим подарком в память о тридцатилетнем юбилее Независимого Казахстана.
Вторая часть программы мероприятия была посвящена конкурсу изобразительного искусства «Личность в истории». Этот проект послужит укреплению взаимосвязей творческих объединений художников Прииртышья и стимулированию авторов к созданию сюжетных произведений, посвящённых знаковым именам истории и культуры Казахстана. По окончании конкурсной выставки коллекция ВКМИ пополнится новыми работами современных художников нашего региона.
26 художников Прииртышья из Семея, Павлодара, ВКО и области Абай посвятили свои произведения юбилярам-героям и выдающимся деятелям культуры Казахстана (Ахмет Байтурсынов – 150 лет, Мухтар Ауезов – 125 лет, Изгутты Айтыков – 100 лет, Маншук Маметова –100 лет, Роза Багланова – 100 лет, Талгат Бегельдинов – 100 лет, Хиуаз Доспанова – 100 лет). На итоговой выставке представлено 43 работы.
28 ноября компетентное жюри определило победителей конкурса. Председателем жюри был утверждён член Союза художников РК и Творческой гильдии г. Лондона, академик Академии художеств РК – А.С. Баяндин. В составе жюри – директор ВК музея искусств Б.К Уябаева и специалисты музея, а также старший преподаватель кафедры истории Казахстана и социально-политических дисциплин Восточно-Казахстанского технического университета им. Д.Серикбаева – А.Ф Жаксылыков и отличник просвещения РК, преподаватель изобразительного искусства Ж.О. Битибаева.
Гран-при конкурса «Личность в истории» (700.0 тыс. тенге) выиграл известный живописец и график из Семея, член профессионального Союза художников РК Тлеугазы Жуванышев. Жюри высоко оценило его великолепную реалистическую живопись в крупноформатном (120х70) портрете Народной артистки Каз. ССР Розы Баглановой. Не менее впечатляющими были графические работы этого художника, выполненные в редкой для нынешнего времени технике «бумага, сепия, соус».
Призёрами конкурса в номинации «Графический портрет» стали:
- Солтанбеков Нуржан (г.Семей) – диплом I степени (300.0 тыс. тенге) за проникновенное, классическое (в технике тушь, перо) воплошение образа Народного героя Казахстана , легендарной лётчицы Хиуаз Доспановой.
-Ниязбеков Адилет (г.Усть-Каменогорск) получил диплом II степени (200,0тыс.тенге) за портрет всенародно любимой певицы Розы Баглановой, выполненный в смешанной графической технике.
Графических работ на конкурсе было не много, поэтому специальным решением жюри часть призового фонда из номинации «Графический портрет» была передана художникам–живописцам. Обладателями этих наград стали: Адилбек Куаныш (Катон-Карагай) – диплом III степени (100000тенге) за авангардное решение образа учителя нации Ахмета Байтурсынова и Зура Асылгазина (Павлодар), получившая поощрительный приз от жюри (80000тысяч тенге) за картину «Пике бессмертия» с изображением дважды Героя Советского Союза Талгата Бигельдинова.
Призёрами конкурса в номинации « Живописный портрет» стали:
- Аубакирова Анара (г. Павлодар)– диплом I степени (400,0 тыс. тенге) за триптих в технике «монохромная живопись», воплощающий образы героев -фронтовиков: юной пулемётчицы Маншук Маметовой, командира эскадрильи авиационной дивизии Талгата Бигельдинова и певицы Розы Баглановой, которая выступала перед солдатами и офицерами советской армии.
- Кайырхан Мади (г.Усть-Каменогорск) – диплом II степени (250,0тыс. тенге) за яркие живописные портреты в технике «холст, масло» с изображениями Маншук Маметовой, Хиуаз Доспановой и Талгата Бигельдинова.
- Плотникова Ольга (г. Усть- Каменогорск) – диплом III степени (160,0тыс. тенге) за графический портрет технике «бумага, пастель» классика казахской литературы Мухтара Ауэзова и живописный образ Хиуаз Доспановой.
- Шоканов Алибек ( Тарбагатайский район) – поощрительный приз от жюри (80,0 тыс. тенге) за живописный портрет знаменитого казахстанского писателя Мухтара Ауэзова в его юные годы.
Самый сложный жанр в изобразительном искусстве – сюжетная историческая картина. В этой номинации был установлен самый большой премиальный фонд.
Призёрами конкурса в номинации «Сюжетная картина» стали:
-Нурсадыков Есбол (г. Усть-Каменогрск) – диплом I степени (500,0 тыс. тенге) за оригинальный сюжет, объединяющий на одном полотне героев-фронтовиков, заявленных в Положении конкурса « Личность в истории ».

- Бейсембаев Аманбек (г.Семей) – диплом II степени (300,0 тыс. тенге) за сюжетную живописную картину с изображением заседания лидеров национально-освободительного движения «Алаш».
- Солтанбаев Агертис (г. Павлодар ) –диплом III степени (200.0тыс. тенге) за живописное воплощение образа Ахмета Байтурсынова на «говорящем» фоне с сюжетами из жизни великого казахского просветителя и организатора движения «Алаш».
- Турганбаев Ержан( г. Усть-Каменогорск) – поощрительный приз от жюри (80,0 тыс. тенге) за фронтовой сюжет с изображением в окопе нашего земляка, разведчика, Героя Советского Союза Изгутты Айтыкова.
Перед началом мероприятия собравшихся приветствовал руководитель Управления культуры Восточно-Казахстанской области Нурболат Кадырович Ахметжанов. Также мы услышали выступления Председателя жюри конкурса Адилгали Сарсенулы Баяндина и членов жюри – директора ВК музея искусств Бекайым Касымхановны Уябаевой и отличника просвещения РК, преподавателя изобразительного искусства Жаныл Омаргалиевны Битибаевой. С ответным словом благодарности к организаторам конкурса выступил обладатель Гран-при конкурса художник Тлеугазы Жуванышев.
На открытии выставки конкурса «Личность в истории», расположенной в двух залах ВК музея искусств, представители СМИ подготовили интервью с участниками и членами жюри конкурса, а также первыми посетителями экспозиции.
Выставка будет работать до конца января 2023 года.

"ДАЛА ДИДАРЫ" КАТАЛОГ-КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ "ТАРИХЫМЫЗДҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ" ЕРТІС ӨҢІРЛІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ КӨРМЕ-БАЙҚАУДЫҢ ВЕРНИСАЖЫ

2022 жылғы 30 қарашада сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейінің музыкалық залында былтырғы жылы облыс мәдениетіне ерекше серпін берген "Дала дидары" облыстық өнер фестивалінің кітап-каталогының тұсаукесері мен Ертіс жағасындағы үш облысты қамтыған өңірлік деңгейдегі ірі жобаның қорытындысы шығарылды. Шараға суретшілер, қаламыздағы өнер сүйер зиялы қауым, Шығыс Қазақстан аудандарының мәдени мекемелерінің өкілдері және Семей, Павлодар Шемонаиха қалаларынан келген қонақтар қатысты.
2021 жылы ШҚО-ның 16 ауданынан музыкалық шығармашылық ұжымдардың, қолданбалы өнер шеберлерінің, суретшілер мен графиктердің қатысуымен фестивальдік бағдарламалар Өнер музейінде жыл бойы жалғасын тапқан болатын. Осы фестиваль туралы шағын әрі нақты ақпаратты қамтиытын, түрлі-түсті фото суреттермен безендірілген бұл кітап-каталог ШҚ облысының мәдениет майталмандары мен бейнелеу өнері өкілдерінің Тәуелсіздікке қосқан рухани үлесі деп айтуға болады.
Іс-шара бағдарламасының екінші бөлімі биылғы жылы еліміздің мәдениет министрлігі белгілеген мерейтой иелерін насихаттау мақсатында, "Ұлы даланың ұлы есімдерін" ұлықтауға арналған "Тарихымыздың ұлы тұлғалары" (Ахмет Байтұрсынов –150 жыл, Мұхтар Әуезов –125 жыл, Ізғұтты Айтықов – 100 жыл, Мәншүк Мәметова-100 жыл, Роза Бағланова -100 жыл, Талғат Бигелдинов-100 жыл, Хиуаз Доспанова-100 жыл) Ертіс өңірлік бейнелеу өнері байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне ұласты. Байқаудың мақсаты – музей қорын сапалы әрі тақырыптық туындылармен толықтыру, жастарды тарихи тұлғалардың жарқын бейнесі арқылы тәрбиелеу және көпшілікке насихаттау болып табылады.
Шығыс Қазақстан өнер музейі үнемі ұйымдастыратын осындай ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, өңірлердегі бейнелеу өнерінің дамуына үлкен ықпал жасап отырған Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы екенін баса айтқымыз келеді.
Байқауға Ертіс өңірінің Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарынан 26 суретшінің Қазақстанның батырлары мен көрнекті тұлғаларына, мәдениет қайраткерлеріне арналған 43 туындысы сарапталып алынды.
28 қарашада білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады.Қазылар алқасының отырысына ҚР Суретшілер Одағының және Лондон қ. "Гильдия" шығармашылық бірлестігінің мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері Баяндин Әділғали Сәрсенұлы төрағалық жасады. Қазылар алқасының құрамында ШҚ өнер музейінің директоры - Ұябаева Бекайым Қасымханқызы және музей мамандары, сондай-ақ Д.Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы - Жақсылықов Амантай Фрунзеұлы және ҚР ағарту ісінің үздігі, бейнелеу өнерінің оқытушысы Бітібаева Жаңыл Омарғалиқызы болды.
Байқау нәтижесінде "Тарихымыздың ұлы тұлғалары" атты Ертіс өңірлік бейнелеу өнері байқауының "Бас жүлдесін" және 700,0 мың теңге көлеміндегі қомақты сыйақыны үш аталым бойынша ерекше шеберлікпен қалам тербеген, Ізғұтты Айтықов пен Роза Бағланованың кескіндемелік, Хиуаз Доспанова мен Талғат Бигелдиновтың графикалық портреттерін тарихи нақтылықпен жазып, оқ бойы озық болғаны үшін белгілі суретші және графикші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Жуванышев Тілеуғазы (Семей қ.) жеңіп алды.
"Сюжеттік картина.Кескіндеме" аталымы бойынша Нұрсадықов Есбол (Өскемен қ.) "Тарихымыздың ұлы тұлғалары" байқауының ережесінде ұсынылған майдангер батырларды бір кенепте біріктіретін өзіндік сюжеті мен озық ойы үшін I дәрежелі дипломын (500,0 мың теңге) иеленді.
Осы аталым бойынша Бейсембаев Аманбек "Алаш" ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлын ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің отырысы желісінде бейнеленген сюжеттік кескіндемесі II дәрежелі дипломмен (300,0 мың теңге) марапатталды.
Солтанбаев Ақертіс (Павлодар қ.) ұлы тұлға, халық ағартушысы, "Алаш Орда" үкіметінің ұйымдастырушысы Ахмет Байтұрсынұлын өмірдегідей сюжеттермен, "сөйлейтін" фонда көркем бейнелегені үшін III дәрежелі дипломының (200,0 мың теңге) иегері атанды.
Сонымен қатар осы аталымдағы қазылар алқасының ынталандыру сыйлығын (80,0 мың теңге) - барлаушы, Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовты бейнеленген Тұрғанбаев Ержан (Өскемен қ.) мен Талғат Бегелдиновты ерекше бейнелеген "Әжемнің дұғасы" жұмысының авторы Зура Асылғазина (Павлодар қ.) еншіледі.
Ал, байқауда суретшілердің ең көп қалам тербеген "Кескіндемелік портрет" аталымы бойынша Әубәкір Анар (Павлодар қ.) – майдангер батырлар Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және халық әртісі, майдан шебінде өнер көрсеткен Роза Бағланованы ерекше стилде бейнелегені үшін І дәрежелі дипломын (400,0 мың теңге) жеңіп алды.
Қайырхан Мәди (Өскемен қ.) - жас пулеметші Мәншүк Мәметова, даңқты ұшқыштар Хиуаз Доспанова және Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновты бейнеленген триптихы үшін II дәрежелі дипломымен (250,0 мың теңге) марапатталды.

Плотникова Ольга (Өскемен қ.) - қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің графикалық портреті және Хиуаз Доспанованың кескіндемелік бейнесін шебер орындағаны үшін III дәрежелі дипломмен (160,0 мың теңге) және Әділбек Қуаныш (Катон қарағай ауд.) - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін авангардтық шешімде бейнелегені үшін III дәрежелі дипломын (100,0 мың теңге) иеленді.
Шоқанов Әлібек (Тарбағатай ауданы) –"Бала Мұхтар" картинасы үшін қазылар алқасының ынталандыру сыйлығын (80,0 мың теңге) еншіледі.
Өңірлік байқаудың "Графикалық портрет" аталымы бойынша Нұржан Солтанбеков (Семей қ.) - Қазақстанның Халық қаһарманы, аты аңызға айналған ұшқыш Хиуаз Доспанованың бейнесін асқан шеберлікпен, классикалық деңгейде (тушь, қалам техникасында) бейнелегені үшін І дәрежелі дипломымен (300,0 мың теңге) марапатталды.
Осы аталым бойынша Ниязбеков Әділет (Өскемен қ.) - КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, Қазақ халқының күміс көмей, жез таңдай әншісі Роза Бағланованың бейнесін керемет графикалық бейнеде шешкені үшін II дәрежелі дипломын (200,0 мың теңге) иеленді.
Іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы құттықтау сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарына жүлде табыстады. Сонымен қатар байқаудың қазылар алқасының төрағасы Баяндин Әділғали Сәрсенұлы және қазылар алқасының мүшесі бейнелеу өнерінің оқытушысы, ҚР ағарту ісінің үздігі Бітібаева Жаңыл Омарғалиқызы байқаудың жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті.
ШҚ өнер музейінің директоры Ұябаева Бекайым Қасымханқызы шараға ат салысқан барлық өнер иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
"Бас жүлде" иегері суретші Тілеуғазы Жуванышев байқауды ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіре отырып, мұндай шаралардың өңірлік суретшілер деңгейінің өсуіне жол ашатынын атап өтті.
ШҚ өнер музейінің екі залында орналасқан "Тарихымыздың ұлы тұлғалары" атты Ертіс өңірлік бейнелеу өнері байқауының марапаттау салтанаты мен көрменің ашылуында БАҚ өкілдері байқауға қатысушылармен және қазылар алқасының мүшелерінен, сондай-ақ экспозицияға алғашқы келушілерден сұхбат алды.
Көрме 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін жұмыс істейді.