«Бір соқпақта» – Өнер музейінде жаңа көрме ашылды

18 шілде күні Шығыс Қазақстан Өнер музейінде жас грузиялық суретші Кристина Ахалаяның «Бір соқпақта» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл – суретшінің Қазақстандағы алғашқы дербес жобасы.

Көрмеге анималистика мен қалалық пейзаж жанрларында орындалған 40-тан астам туынды ұсынылған. Акварель, майлы және акрил бояуларымен салынған әрбір картина нәзік эстетика мен терең философиялық мазмұнды өз бойына сіңірген. Бұл көрме – суретшінің табиғатқа, жануарлар әлеміне және қалалық кеңістікке деген қызығушылығының көркем көрінісі.

Слайдер

«Бұл көрмені өткізгім келген себебім – өз жұмыстарыммен, дәл осы қалада, Өскеменде салған көріністермен бөліскім келді. Мен бұл қалаға келгенде, қаланың архитектурасына, табиғатына тәнті болдым. Сол сәттен бастап Өскемен көшелерінің, қаланың көріністерін салуға шабытым оянды», – дейді суретші Кристина Ахалая.

Көрмеде келушілер назарына ұсынылған туындылар арасында Өскеменнің көптеген танымал нысандары мен көрікті жерлері бейнеленген. Атап айтқанда:

  • «Бажова көшесіндегі жаз»,
  • «Стрелкадағы мұнаралар»,
  • «45-ші дәріхана алдында»,
  • «Лихарев көшесіндегі Андреев шіркеуі»,
  • «Ушанов алаңы»,
  • «Жағалау» және тағы да басқа көріністер қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды.

Ашылу салтанаты

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ольга Плотникова, суретші-оқытушы Елена Шевелева, суретші Николай Павлович, сондай-ақ қаланың мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысты. Келушілер жас суретшінің шығармашылығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, жұмыстарының көркемдік ерекшелігіне жоғары баға берді.

Көрме жайлы ақпарат

🗓 Көрме мерзімі: 18 шілде – 3 тамыз
Жұмыс уақыты: күн сайын, сағат 09:00 – 18:00
📍 Өтетін орны: Шығыс Қазақстан Өнер музейі, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47А

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх