Суретшілер үшін тамаша маусым басталды

Суретшілер үшін тамаша маусым басталды. Осы орайлы уақытты пайдаланып Шығыс Қазақстан Өнер Музейінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 30 мауысымда Өскемен қаласының бірқатар суретшілері және Тарбағатай ауданынан Шоқанов Әділет сияқты қылқалам шеберлері Таулы Үлбі төңірегіне бір күндік пленэрге шықты. Шығыс Қазақстан өнер музейі жергілікті суретшілер мен графика шеберлері үшін осындай плэнерлерді жылына екі рет жүйелі түрде ұйымдастырады. Алтайдың алтын алқабының бірі Үлбі өзенінің маңындағы эскиздерді салуға өнер иелері қалам тербеді. Олардың ішінде танымал пейзаж суретшілері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Болат Исин, Гүлнар Бекбердинова, Ольга Плотникова және жас суретші Мәди Қайырхан бар.
Бұл күні аға буын мен жастар бір-бірімен тәжірибе алмасып, шабыттың шыңына қанат қаққан суретшілер Алтайдың сұлу келбетін кенеп бетінде керемет туындыға айналдырды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх