Еліміз үшін 9 мамыр мерекесінің орны ерекше. Өйткені, Қазақстан тарихындағы Жеңіс күні — бұл бабаларымыздың ерлігі мен батырлық даңқы айшықталған күн. Сондықтан да, ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып, Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһарман бабаларымыздың ерлігін естен шығаруға болмайды.
9 мамыр күні – Шығыс Қазақстан Өнер музейі «Жастар саябағына» қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен майдангер аталарымыздың ерлігі бейнеленген туындылардан «Отты жылдар» атты жылжымалы көрме қойды.
Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.

9 мая особая дата для нашей страны. День Победы в истории Казахстана – это героическая слава наших отцов и дедов. Наше государство чтит подвиг ушедших на фронт земляков. Многие из них, защищая своё Отечество, проявили беззаветную храбрость. В праздничный день Восточно-Казахстанский музей искусств представляет горожанам передвижную выставку «Огненные годы» в парке «Жастар». Без слов, красками и линиями художники «рассказывают» нам о подвигах патриотов того времени. Они показали нам пример удивительной стойкости и силы духа. Наш гражданский долг– помнить этот день, любить свою Родину, быть верными детьми своей страны и земли.

