Башбуг Фатих

Фатих Басбуг 1979 жылы 3 наурызда Анкара қаласында (Түркия) дүниеге келген. Түркияның  GESAM Суретшілер одағының мүшесі.

Профессор, пластикалық ғылымдардың докторы. 1996-2000 жылдары Ниндэ Университетінің кескіндеу өнері факультетінде оқыған.

2002-2005 жылдары Сельчук университетінде (магистратура) оқыған.

2005-2009 жылдары Сельчук университетінің докторлық дәрежесін алды.

2010 жылы Невшехир университетінің кескіндеу өнері факультетінде кафедра оқытушысы, 2012 жылдан-доцент.

2013 жылы Акдениз университетінің (Түркия) кескіндеу өнері факультетінде кафедра оқытушысы, 2018 жылдан Манастың Қырғыз-түрік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.