Айтуарова Людмила Едиловна

Айтуарова Людмила Еділқызы 1992 жылы 17 шілдеде Украинаның Полтава облысында дүниеге келген. Нұр-Сұлтан қаласының Жас суретшілері одағының мүшесі.

2008-2012 жылдары – Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалық колледжде «Кескіндеу өнері және сызу мұғалімі» кәсібіне оқыды.

2012-2017 жылдары – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Білдекті кескіндеме» мамандығы бойынша оқыды.

2017 жылғы 03.07-28.07 аралығында Ресей Федерациясының Петербор қаласындағы И.Е. Репин атындағы Академияда «Кескіндеме» мамндығы бойынша біліктілік жоғарылату курсында оқыды.

Облыстық Дельфийлік ойындарға (2014 ж.), Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған Евразиялық одақтың халықаралық көрмесіне (2015ж.) қатысқан.