ШҚ өнер музейінің директоры Ұябаева Бекайым Қасымханқызы Алматы қаласында

2023 жылдың 17 қаңтар күні ШҚ өнер музейінің директоры Ұябаева Бекайым Қасымханқызы Алматы қаласында танымал карикатурашы-суретші, ҚР мәдениет қайраткері Нұразхан Еркін Ибрагимұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Карикатура туралы» атты көрменің ашылуына қатысты.Іс-шара барысында ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжановтың атынан сөз сөйлеп, мерейтой иесіне алғыс хат табыстады.
Ерекше көрмені Қазақстанның көрнекті қылқалам шеберлері, мәдениет саласының майталмандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері тамашалап, қазіргі «карикатура» жанры жайында ой бөлісті.