Лариса Ивановна биыл 70 жасқа толып отыр

​Шығыс Қазақстан Өнер музейінің тәжірибелі маманы, қаламы мен қылқаламын қатар ұстаған сұлу өнер иесі Лариса Ивановна биыл 70 жасқа толып отыр. Осы мерейлі белеске орай, 26 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ерекше жылылыққа толы шығармашылық кеш ұйымдастырды.
Кеш талантты жазушы, «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі, суретші,ақын, «Үш жол» шығармашылық клубының жетекшісі — Лариса Ивановна Мартынованың «Поэтическая геометрия Ларисы Мартыновой» атты әдеби-шығармашылық кездесуі өтті.
Жиынға қаламгердің әріптестері, жергілікті ақын-жазушылар, сондай-ақ өнер мен сөз құдіретін бағалайтын студенттер қатысып, мерейтой иесінің шығармашылық әлеміне тереңдей енуге мүмкіндік алды.

Прокрутить вверх