Алтын Алтай» көрмесі ашылды!
Бүгін Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Жаңғыру» суретшілер шығармашылық бірлестігінің «Алтын Алтай» атты ұжымдық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрме – өңірдің көркемдік өміріндегі маңызды мәдени оқиға. Экспозицияда Алтай табиғатының әсем көріністері, ұлттық дүниетаным мен заманауи өнердің үйлесімі көрініс тапқан.
Қатысушылар қатарында – Гүлнар Бекбердинова, Ержан Тұрғанбаев, Әділет Ниязбеков, Мәди Қайырхан, Қуаныш Акуов, Эльзара Даниярова, Жақаев Қуанған және Данияр Алдабергенов бар.
Әрбір туынды – туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани жаңғырудың көркем бейнесі.
Көрме 11 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ашық.
Келіңіздер, көріңіздер!
Открылась выставка «Золотой Алтай»!
Сегодня в Восточно-Казахстанском музее искусств состоялся вернисаж коллективной выставки творческого объединения художников «Жаңғыру» под названием «Золотой Алтай».
Выставка является значимым культурным событием в художественной жизни региона. В экспозиции представлены живописные образы природы Алтая, отражающие гармонию национального мировоззрения и современного искусства.
На выставке экспонируются работы талантливых региональных авторов — Гульнар Бекбердиновой, Ержана Турганбаева, Адилета Ниязбекова, Мади Каирхана, Куаныша Акуова, Эльзары Данияровой, Куангана Жакаева и Данияра Алдабергенова.
Каждая работа — это художественное выражение любви к родной земле и духовного возрождения.
Выставка открыта с 11 ноября по 7 декабря.
Добро пожаловать на выставку!
