«Нұрорда» мектеп-лицейінде жас мергендер арасында садақ атудан мектепішілік сайыс өтті.


Осы шараға Шығыс Қазақстан өнер музейі «Ұлт мақтанышы» атты көрмесімен қатысты.

Көрмеге облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов қатысып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Экспозицияда қазақ халқының рухын, батырлығын және салауатты өмір салтын дәріптейтін ұлттық спорт түрлеріне арналған туындылар көрермен назарына ұсынылды.

Прокрутить вверх