«Бабалар рухы» атты бейнелеу өнері көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Республикасы күніне және Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған дәстүрлі «Бабалар рухы» атты бейнелеу өнері көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. 🎨

Бұл көрме – ата-бабамыздың ерлік рухын, елдік пен бірліктің мәнін, ұлттың рухани байлығын өнер тілімен паш ететін ерекше мәдени шара.

Көрме-байқауға өңірдің дарынды суретшілері қатысып, ұлттық өнеріміздің абыройын асқақтатты.
Жеңімпаздар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 🏆

«Сюжеттік картина. Кескіндеме» аталымы бойынша:
🥇 I дәрежелі диплом — Қадырбеков Қайсан Рахметұлы
🥈 II дәрежелі диплом — Қайырхан Мәди Бейсханұлы
🥉 III дәрежелі диплом — Шоқан Әділет Әлібекұлы
🎖 Ынталандыру сыйлығы — Жұбанышев Тілеуғазы Рақымұлы және Плотникова Ольга Александровна

«Кескіндемелік портрет» аталымы бойынша:
🥇 I дәрежелі диплом — Исин Болат Кәрімұлы

«Графикалық портрет» аталымы бойынша:
🥇 I дәрежелі диплом — Солтанбеков Нұржан Мұхаметбекұлы

«Бабалар рухы» көрмесі – ұлттық тарих пен рухани мұраға тағзым, өнер арқылы елдік сана мен патриоттық рухты дәріптеу.

Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Көрмеге келіп, бабалар аманатын өнер тілімен сезінуге шақырамыз! 💫

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх