ШҚӨМ: Болашақ инженерлерге арналған өнер әлеміне экскурсия


Шығыс Қазақстан Өнер музейі тек мектеп оқушылары мен Өнер мектебінің тәрбиеленушілері үшін ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері үшін де маңызды оқу аудиториясына айналуда.
🗓 27 наурыз күні музей қабырғасында ерекше іс-шара өтті – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бірінші курс студенттері музей экспозицияларымен танысты. Бұл бастаманың негізін қалаған – орыс тілі пәнінің оқытушысы Регина Пранасовна Дронсейко.
🧑🎓 «Музей – бұл тек өнер ордасы ғана емес, ол — болашақ мамандардың дүниетанымын кеңейтетін маңызды орта», — дейді оқытушы.
🔍 45-ке жуық студентке арналған экскурсия барысында олар келесі көрмелерді тамашалады:
- 🎨 «Жер жаңғырығы»
- 🛤 «Бабалар жолы»
- 🌿 «Шөптер. Гүлдер. Өмір»
- 🕰 «Уақыт палитрасы»
💬 Экскурсия барысында болашақ инженерлер графика мен кескіндеме арқылы көркем өнер тілімен танысты. Сызықтар мен түстер арқылы жеткізілген ой, авторлық көзқарас, композициялық шешімдер — студенттер үшін тың тәжірибе болды.
🌐 «Біз суретшілермен тілдесуді үйрендік», — деп бөлісті бір студент.
- Алматы қаласында Almaty Museum of Arts және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі ұйымдастырған маңызды кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музей директорлары, салалық сарапшылар және халықаралық әріптестер қатысты.
- ЮНЕСКО Орталық Азиядағы мәдени секторды дамытуға қолдауды жалғастырады
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жадымыздан өшпейтін от» атты іс-шара өтті.
- Шығыс Қазақстан Өнер музейі «Жастар саябағына» қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен майдангер аталарымыздың ерлігі бейнеленген туындылардан «Отты жылдар» атты жылжымалы көрме қойды.
- “Ғасырлар толқынындағы мамандықтар”

