🗓 2025 жылғы 16 сәуір күні
📍 Шығыс Қазақстан өнер музейінде
Шығыс Қазақстан өнер музейінде қазақтың танымал шебері – Жолаушы Әбілғазыұлы Тұрдығұловқа арналған музыкалық қонақжай кеші өтті. Бұл кеш қазақтың дәстүрлі өнеріне, ұлттық музыкалық аспаптар шеберлігіне арналған тағылымды кездесу болды.


Шығыс Қазақстан өнер музейінде қазақтың танымал шебері – Жолаушы Әбілғазыұлы Тұрдығұловқа арналған музыкалық қонақжай кеші өтті. Бұл кеш қазақтың дәстүрлі өнеріне, ұлттық музыкалық аспаптар шеберлігіне арналған тағылымды кездесу болды.
🔸 Кештің ерекшелігі:
- Жолаушы Тұрдығұлов –
- ҚР Суретшілер одағының мүшесі,
- ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі,
- ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» марапатының иегері,
- ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың бірегей шебері.
- Іс-шараға Абай атындағы Гуманитарлық колледжінің студенттері мен қала қонақтары қатысты.
- Қонақтар шебердің шығармашылық өмір жолымен, сонымен қатар музей қорындағы оның авторлық музыкалық аспаптарымен танысты.
- Музей қызметкері О. Қәрібек Жолаушы Тұрдығұлов жасаған домбырамен күй орындап, қонақтарды ұлттық өнер әлеміне терең бойлатты.
🎼 Маңызды мәні:
Бұл шара қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттау, ұрпаққа ұлттық мұраны жеткізу және атақты шеберлердің еңбегін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. ШҚ Өнер музейі келушілерді осындай тағылымды мәдени іс-шараларға шақырады.
- Алматы қаласында Almaty Museum of Arts және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі ұйымдастырған маңызды кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музей директорлары, салалық сарапшылар және халықаралық әріптестер қатысты.
- ЮНЕСКО Орталық Азиядағы мәдени секторды дамытуға қолдауды жалғастырады
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жадымыздан өшпейтін от» атты іс-шара өтті.
- Шығыс Қазақстан Өнер музейі «Жастар саябағына» қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен майдангер аталарымыздың ерлігі бейнеленген туындылардан «Отты жылдар» атты жылжымалы көрме қойды.
- “Ғасырлар толқынындағы мамандықтар”

