Мұғалімдер үшін өнер әлеміне саяхат


2025 жылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан Өнер музейіне мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары – бастауыш сыныпта жалпы білім беретін пәндермен қатар бейнелеу өнерінен сабақ беретін 23 оқытушы келді.
Қонақтар «Уақыт палитрасы», «Көктем құдіреті», «Басқа терезе» атты көрмелерді тамашалап, көркем өнер туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Әр экспозиция көрерменге шабыт сыйлап, оқушылармен бірге қайта келуге ниет тудырды.
Мұғалімдер музейдің оқу-тәрбиелік әлеуетін жоғары бағалап, болашақта шәкірттерімен бірге музейге келуге уәде берді.
ШҚ Өнер музейі әрдайым білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, жас ұрпаққа көркем мәдениетті насихаттауға атсалыса береді.
- Алматы қаласында Almaty Museum of Arts және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі ұйымдастырған маңызды кездесу өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музей директорлары, салалық сарапшылар және халықаралық әріптестер қатысты.
- ЮНЕСКО Орталық Азиядағы мәдени секторды дамытуға қолдауды жалғастырады
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жадымыздан өшпейтін от» атты іс-шара өтті.
- Шығыс Қазақстан Өнер музейі «Жастар саябағына» қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен майдангер аталарымыздың ерлігі бейнеленген туындылардан «Отты жылдар» атты жылжымалы көрме қойды.
- “Ғасырлар толқынындағы мамандықтар”

