Сидоренко Яна «Италия-Венеция»

Графикалық «Италия-Венеция» суреті (қағаз, гель қаламы) ШҚӨМ-ның «Балалар шығармашылығы» негізгі қорында сақтаулы. Бұл шығарма 2012 жылы «Әлемнің айналасында» тақырыбымен өткен балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауында Бас жүлдеге ие болған. Жұмыстың авторы – Сидоренко Яна (13 жаста), Өскемен қаласындағы №29 орта мектебінің оқушысы. Ол – мұражайда ұйымдастырылған көптеген балалар байқауларының белсенді қатысушысы және жүлдегері.

Жас суретшінің италиялық Венеция образы таңғажайып болып шыққан. Карнавалдық бетперделі жұмбақ әйел байлыққа малынған, көз қарықтырардай әдемі киінген. Суретші негізгі екпінді осы сұлудың образына түсірген, оған композицияда басты орын өте дұрыс берілген, ол әрі мазмұндық, әрі композициялық орталық болып тұр. Образ нақты, айқын, ұлттық.

Жалпы кеңістікті жасай отырып, автор табиғатпен, архитектурамен, уақыт қойнауларымен астасып кеткендей, нақты нысандарды көзге көрінетіндей ғана таңғажайып жарықтармен қоса ішкі, ерекше бір нәзік жарықтармен төгілдіріп өре білген. Өте жіңішке торланған сызықтар, батыл-шиеленісті штрихтар өзара біріге келіп, күрделі шілтерлі өрнек жасайды да содан шығарманың жалпы түпкі ойын «тоқиды».

Графикалық жұмыс зергерлік орындау шеберлігімен, бейнелеу материалын тиімді пайдалана алуымен, қиялының ұшқырлығымен таң қалдырады. Ол шын мәнінде өте әдемі, және оның әдемілігі жалпы шешімінде де, сондай-ақ көркемсурет туындысының әрбір жеке элементінде де барлығы.