Айнажаров Қалибек Шпекбайұлы

Қалибек Айнажаров 1962 жылы Аягөзде дүниеге келіп, қазіргі таңда осы қалада тұрып жатыр.  Аягөз қаласы Семей ядролық полигонының маңында,  Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан. Сол жылдары атомдық қару жер бетінде де, ашық аспанда да сыналды. Бұл жағдай Қалибек Айнажаровтың денсаулығына өзіндік әсерін тигізіп, шиеленіскен қилы жағдайлар оны мүгедектер арбасына байлануға мәжбүр етті. Шебердің өмірі жөнінде Қазақстанның «Литературная газета» баспасының меншікті тілшісі А.Самойленконың мақалаларында толық жазылып, 1986 жылы «ДИАГНОЗ» атты көркем-публицистикалық фильм де түсірілді.         

Қалибек Айнажаров бір кездері ЗНУИ-да  (Мәскеудегі сырттай окитын халық университеті) фото-кинематография бөлімінде сырттай оқыды. Ұзақ уақыт бойы фотосурет саласында жұмыс істеді. 1997-1998 жылдардан бері  ол ағаш ою өнерін қолға ала бастады. Арнайы көркемдік білім алмаса да, сурет өнеріне деген ынтасы бала кезінен болған еді. Шебер өз жұмысы туралы былай дейді: «Әрине, оңай болған жоқ. Өз күшіммен ағаштың қалың қабатын тіліп, кез-келген кескіндер жасадым. Кейін тақырып ойлап, мағыналы ағаш туындыларды жасадым. Халық фольклоры, ақылды ойлар, әңгімелер, әндер, дала аңыздары, өмір сүріп жатқан аймақтың тарихы, бүкіл адамзат тарихы шабытымды келтіріп, жұмыстарыма нәтиже берді...»

Айнажаров Қ. "Дала қонағы"