«Дала Дидары» көрме-байқауы шақырады

ШҚ өнер музейі 2021 жылдың 7 сәуірі мен 23 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ШҚО аудандарының «Дала дидары» атты өнер фестивалі аясындағы бейнелеу өнері түрлерінің көрме-байқауын өткізетіні туралы хабарлайды.

Облыс аудандарынын  көрме-байқауы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы тұжырымдарды, Облыстық «Арт Заман» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

 Бұл жоба - өлкеміздің бейнелеу өнерін дамыту мен қолдау және ел ішіндегі танылмай жатқан таланттар мен жастардың жолын ашып, өнерін шыңдап, аудандық бейнелеу өнер иелері мен суретшілерге қолдау көрсетеді.

 Көрме-байқаудың соңында жеңімпаздар марапатталады, жақсы концерттік нөмірлер үшін естелік сыйлықтар беріледі.

 

 Көрме-байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 01 наурызынан бастап тапсырысты Шығыс-Қазақстан облысы,   Өскемен қ., Тоқтаров көшесі., 56, тел. 8(7232) 26-19-81, 26-50-81, эл.почта: iskusstvko@mail.ru жіберу қажет;

Шараға жауапты:  экспозициялық-көрме секторының меңгерушісі- Есенбол Нақтыбайұлы  тел.8-776-500-81-20,  Мартынова Лариса Ивановна  тел. 8-705-798-27-36, Кашей Сыйлық тел.8-702-910-38-59

 Орын.: Е. Нақтыбайұлы

Телефон: 87765008120

  • 11
  • 11