Павлодар қаласындағы іс- шара

2022 жылдың 23 қарашасы күні Шығыс Қазақстан өнер музейінің экспозициялық көрме секторының маманы Кашей Сыйлық Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияға іссапармен барып қайтты.
Іс- шара Павлодар қаласындағы Орталық көшелерінің бірінде ашылған Ш. Уалиханов пен Г.Потанин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Конференцияға тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар, этнографтар, өнертанушылар қатысып, РФ және ҚР ғылыми және музей қоғамдастығының өкілдерінің, Астана, Түркістан, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Өскемен және тағы басқа өңірлерден келген қонақтардың баяндамалары тыңдалды. Плэнарлық отырыс барысында музейлер мен қоғамдық ұйымдардың өлкетану жұмысын дамыту перспективалары, музей аралық ынтымақтастық, Ұлы Дала тарихындағы тұлғаның ролі сынды мәселелер талқыланды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Қ. Қ Сейітова, Павлодар жоғары оқу орнының басшылары Павлодар облыстық тарихи өлкетану музейінің 80 жылдығымен арнайы құттықтады.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінің директоры Б. К. Ұябаеваның атынан музей ұжымына Алғыс хат табысталды.
​ Конференция өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып мазмұнды өтті деп айта аламыз.

Сотрудничество музеев

21 ноября коллектив Восточно-Казахстанского музея искусств во главе с директором Уябаевой Бекайым Касымхановной прибыли в командировку в город Шымкент, для обмена опытом в Музей Изобразительных искусств. Командировка осуществилась благодаря меморандума заключённого между музеями двух областей Восточно-Казахстанского и Туркестанского. На официальной встрече руководители познакомили коллективы двух музеев, а так же обменялись мнениями и опытом работы в музейной сфере, познакомились с насущными проблемами касающееся музейного дела. На встрече директор Музея искусств Б. Уябаева от имени руководителя управления культуры ВКО Н.К. Ахметжанова вручила картину "Озеро Оспан" Восточно-Казахстанского художника А.Т. Шоканова и книгу фестиваля "Дала дидары". Со стороны Музея изобразительного искусства города Туркестан нам были преподнесены каталоги-альбомы.
Затем, директор музея заслуженный художник РК Оспанов Айнабек Мынжасарулы провел экскурсию по музею. Перед нами предстала богатая палитра картин не только Казахского изобразительного искусства, но и древней Европейской культуры. В тот же день прошла встреча со студентами факультета культуры и искусства Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова. Далее Айнабек Мынжасарулы провел нас в свою мастерскую, где мы смогли ознакомится с его произведениями.
В городе посетили достопримечательные места, среди них памятник великого Байдыбек бия.
22 ноября наша командировка продолжилась в золотой колыбели тюркского мира - в городе Туркестан. Нас восхитил облик нового города, являющийся вечным обителем мыслителей, ханов, батыров и биев, а так же хранящий древнюю историю нашего народа. Слушая великолепную историю самого священного места Средней Азии - комплекса Кожа Ахмета Яссауи, мы получили духовное богатство. Мы были очарованы комплексом
"Караван сарай" и центром "Ұлы дала елі", которыми восхищаются и
гости из ближнего и дальнего зарубежья.
Мы выражаем огромную благодарность Айнабеку Мынжасарулы и коллективу музея изобразительных искусств города Туркестан за гостеприимство. Мы уверены, что наши творческие встречи и в дальнейшем будут такими же плодотворными.

Шырайлы Шымкентке іс-сапар

21-ші қараша күні ШҚ өнер музейінің ұжымы музей директоры Ұябаева Бекайым Қасымханқызының басшылығымен  Шымкент қаласына сапармен келді.Сапар мақсаты қала төріндегі "Бейнелеу өнері музейімен" тәжірибе алмасу еді. Бұл іс-сапар Түркістан облысы мен ШҚО-ның музейлерінің  келісілген меморандум негізінде жүзеге асып отыр.Алдымен екі музей қызыметкерлерінің шағын басқосу  жиналысы болды.Онда музей ісі бойынша сұрақтар қойылып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында ШҚ өнер музейінің директоры Бекайым Қасымханқызы ШҚО-ның мәдениет басқармасының басшысы Н. Қ. Ахмеджановтың атынан ҚР суретшілер одағының мүшесі Тарбағатайлық талантты қылқалам шебері Әлібек Шоқановтың "Оспан көлі" картинасы мен "Дала дидары" фестивалінің кітабын табыс етті. Ал Түркістан бейнелеу өнер музейі каталог-альбомдарын табыстады.
Танысу талқыдан соң Шығыстан барған қонақтармен М. Әуезов атындағы жоғарғы оқу орнының бейнелеу өнер факультетінің студентерімен кездесу өтті.
Одан соң музей басшысы өзінің шеберханасы мен қолынан шықан туындылармен таныстырды.
Қазақ бейнелеу өнері ғана емес ежелгі Еуропа мәдениетінен де сыр шертетін музейдің залдарын тамашалап, жауһар жәдігерлермен таныстық.Қонақжай әріптестердің берекелі түскі асынан соң қаланың мәдени ошақтарына бас сұғып, Бәйдібек бабаның ескерткіші сынды көрікті жерлерін араладық.
22-ші қараша күні біздің іс-сапар түркі әлемнің руханиятының төрі, әрі алтын бесігі Түркістан қаласына ұласты.

Еліміздің кешегі көне тарихынан хабар беретін, хандар мен батыр, билердің мәңгілік мекені болған Түркістанды сапарлау кез келген адамды тамсандырмай қоймасы анық.Орта Азияның ең қастерлі орындарының біріне айналған Қожа Ахмет Иссауи кесенесінің керметімен танысып, тамаша тарихын тыңдап, рухани байлыққа кенелдік. Одан соң еліміз ғана емес алыс-жақын шетелдіктердің ағылып, әсіресе Түркі тектес елдердің сағынып атбасын тірейтін алтын қызығына айналған, Түркістан қаласын жаңаша түлеткен Керуен сарайын араладық.
Шырайлы Шымкенттегі сапарымыздың сәтті өтуіне ат салысқан және Түркістанды түгел аралатып, аяғынан тік тұрып ерекше қонақжайлық көрсеткен  Бейнелеу өнері мұражайының директоры Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы мен оның берекелі ұжымына шексіз алғыс білдіреміз.